«Шекарасыз тілшілер»: 2023 жылы әлем бойынша 45 журналист қаза тапқан


15/12/2023
12:35 11120 0

 

Жыл басынан бері әлем бойынша 45 журналист кәсіби міндетін атқару кезінде қаза болған. «Шекарасыз тілшілер» құқық қорғау ұйымының жыл сайынғы есебінде бұл көрсеткіш 2002 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш екендігі жазылған.  

Биыл журналистердің көбі (23 адам) әскери қимыл аймақтарында қаза болған. 17-і тілші Газа секторы, Израиль, Ливанда көз жұмған. Украинада соғыс басталғалы бері 11 журналист опат болған, екеуі биыл қаза тапқан. 

Кейінгі 20 жыл ішінде журналистер көп өлген жыл 2012 (144 адам) және 2013 жыл (143 адам) деп саналады. Ол уақытта Сирия мен Иракта қызу шайқастар жүріп жатқан. 2022 жылы 61 журналист қаза тапқан. 

Қазір әлем бойынша 521 журналист кәсіби қызметіне байланысты түрмеде отыр. Көбі Қытайда (121), Мьянмада (68) және Беларусьте (39) қамауда отыр. «Шекарасыз тілшілер» ұйымының есебінше, Ресейде тергеу колонияларында 28 тілші бар. 

Кейінгі мәлімет бойынша, әлем бойынша 84 журналист із-түзсіз жоғалған (7 жаңа жағдай биыл қосылды).

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/12/2023 12:35
11120 0

Уведомление